Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, рейтинг жаңарғаннан кейін Рыбакинаның еншісінде 9 901 ұпай бар. Ол 7 875 ұпай жинаған Арина Соболенкодан 2 026 ұпайға озып, көш бастады. Үздік үштікті 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула түйіндеді.

Әлемдік рейтингтегі бірінші орын үшін күресте US Open-2026 турнирі шешуші рөл атқарды. Рыбакина қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шыққаннан кейін, турнирдің қалған нәтижесіне қарамастан рейтинг көшін қамтамасыз етті.

Алайда қазақстандық спортшы мұнымен тоқтамай, US Open турнирінің чемпионы атанды. Финалда ол Арина Соболенкодан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.

Бұл — Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы, ал «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондығы. 27 жастағы теннисші WTA тарихында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген 30-шы спортшы болды.

Сонымен қатар Елена Рыбакина ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.