5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Астана: түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C. Қалада жаңбыр аралас қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23–28 м/с-қа, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары деңгейге жетуі ықтимал.
Алматы: түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C. Түнде жаңбыр жауып, кей уақытта күшейеді, күндіз де жауын-шашын сақталады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкент: қала мен Түркістан облысында ауа райы жауын-шашынды болады. Өңірде нөсер жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. «Қазгидромет» оңтүстік аймақтарда жауын-шашынның күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Ақмола облысында түнде 0…+5°C, кей аудандарда -3°C-қа дейін суытады, күндіз 0…+5°C. Жаңбыр мен қар жауып, батысы мен солтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Тұман түсіп, жел екпіні кей уақытта 30 м/с-тан асады.
Ақтөбе облысында күн салқындап, кей аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Жел күшейіп, түнде жекелеген аудандарда үсік болуы ықтимал.
Алматы облысында түнде +8…+13°C, таулы аудандарда 0…+5°C. Жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде нөсер күтіледі. Таулы жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде 0…+5°C, күндіз +10…+15°C. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Абай облысында түнде +7…+12°C, батысында +3°C, күндіз +11…+16°C. Түнде жаңбыр жауып, солтүстігі мен орталығында нөсер күтіледі. Жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, ал шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аудандарда жауын-шашын күшейіп, жаңбыр қарға айналуы ықтимал.
Жетісу облысында жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын күшейеді. Күн салқындап, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын болып, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C-қа дейін төмендейді. Батыс пен солтүстікте жаңбыр аралас қар жауады. Қарағанды қаласында түнде және күндіз +2…+4°C шамасында болады.
Қостанай облысында жаңбыр аралас қар, тұман және көктайғақ қаупі сақталады. Кей аудандарда жел күшейіп, ауа температурасы 0°C маңына дейін төмендейді.
Қызылорда облысында түнде +3…+8°C, күндіз +13…+18°C. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.