Ел әнші Гауһар Әлімбекованы танымай қалды

Ел әнші Гауһар Әлімбекованы танымай қалды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Гауһар Әлімбекованың тойда ән айтып тұрған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары өнер иесінің сырт келбетіндегі өзгерістерге назар аударып, түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Гауһар Әлімбекованың көпшілік алдында ән орындап тұрғанын көруге болады. Алайда желі қолданушыларының назарын әншінің өнерінен бұрын сырт келбеті аударған.

Көпшілік өнер иесінің бұрынғы бейнесімен салыстырғанда өзгергенін айтып, оны бірден тани алмағандарын жазған. Әсіресе әншінің бет-әлпетіне қатысты пікірлер көбейген.

«Қасына не болған?», «Түрі өзгерсе де, дауысы өзгермеген», «Ойбу, мына апама не болған?», «Шошып кеттім ғой», «Танымай қалдық», – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір білдірушілердің арасында әншінің дауысы мен өнеріне тәнті болғандар да бар. Олар Гауһар Әлімбекованың сырт келбеті өзгергенімен, ерекше дауысын жоғалтпағанын атап өткен.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева қоғамдағы қалыптасқан түсінікті сынға алды.

Гауһар Әлімбекова кім?

Гауһар Әлімбекова – қазақстандық әнші, композитор әрі ақын. Ол қазақ эстрадасында лирикалық әндерімен танылған өнер иелерінің бірі. Әншінің шығармашылығында махаббат, сағыныш, адам тағдыры мен өмір туралы тақырыптар кеңінен орын алады.

Гауһар Әлімбекова көпшілікке «Көңілім менің» әні арқылы кеңінен танылды. Ол ән орындаумен қатар, музыкалық шығармалар жазумен де айналысқан.

ҚазАқпарат мәліметінше, Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Тоғызыншы сыныпта гитарада ойнауды үйреніп, алғашқы «Сағыныш сазы» әнін жазған. 1996 жылы жас композиторлардың «Үкілі үміт» байқауында «Көрермен көзайымы» жүлдесін иеленген. Оның «Ақ босаға», «Келінге өсиет», «Оралшы, махаббат», «Көктемге хат», «Қыз сезімі» сияқты әндері тыңдарманға кеңінен танымал.

2019 жылы әнші алаяқтық ісі бойынша бастапқыда алты жылға сотталғанымен, кейін апелляциялық сот оның кінәсі дәлелденбегенін анықтап, ақтау үкімін шығарған.