Қарияның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Ол баласынан қорлық көргенін егжей-тегжейлі баяндады.
«Бұл жағдай Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында болған.
Өзінің туған баласы 90 жасқа таяп қалған туған әкесін адам төзгісіз жағдайға жеткізген. Аталған азамат бұрын ішкі істер органдарында (полиция қызметкері) қызмет атқарған, қазіргі уақытта зейнеткер. Соған қарамастан, ол қартайған әкесіне қатыгездік көрсетіп, оны үйдің бір бөлмесіне қамап ұстаған. Қарт кісіге тамақ пен су бермей, сыртқа шығуына мүмкіндік жасамаған. Сонымен қатар, «терезеден қашып кетесің» деген сылтаумен оның қолы мен аяғын скотчпен байлап, ар-намысына тиетін әрекеттер жасап, қорлаған.
Үлкен атамыз бір сәтін пайдаланып, дәретханаға барғандай болып, қайшы тауып алып, қолы мен аяғындағы скотчтарды өз күшімен шешкен. Кейін түн ортасында үйден қашып шығуға мәжбүр болып, беліне көрпе (одеял) орап, терезе арқылы сыртқа шығып кеткен. Содан кейін жақын маңда тұратын туған інісінің үйіне барып, болған жағдайды айтып, көмек сұраған.
Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша қарт адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрекеттерге құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғаның жауапкершілігі қаралуы қажет деп есептейміз. ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК Ержан Саденов Қызылқоға Ауданы Полиция Бөлімі Атырау облысы Полиция Департаменті Дарья Ульжагалиева Полымбет Хасанов», - деп жазды қарияның видеосы жарияланған паблик әкімшісі.