Freedom Inside '26

Экология министрі: Almaty SuperSki қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді

Экология министрі: Almaty SuperSki қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Almaty SuperSki тау шаңғысы кластері жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды ult.kz. 

Kazakh Tourism Development компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев жоба аясында күніне 10 мың адамнан асатын 60 шақырым тау-шаңғы трассасы, заманауи 11 аспалы жолын, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отырғанын айтты. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ғалымдармен және эколог мамандармен бірлесіп жүргізілген жұмыс туралы баяндады. 

«Министрлік ғалымдар және жетекші эколог мамандармен бірлесіп, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға кері әсер етпейтіні анықталды», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев. 

Премьер-министр Олжас Бектенов жобаны уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. 

«Барлық кажетті шешімдер қабылданды. Сондықтан сын айтатындар, әрине, бола береді. Оған қарамай, бәрін тездетіп жүзеге асыру керек. Бізге нақты нәтиже керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда экология мәселелеріне аса назар аудару керек», — деді Премьер-министр. 

Олжас Бектенов жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жұртшылық арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруды тапсырды.