11 тамызда Солнечный кентінің 37 жастағы тұрғыны үйінің маңында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Біраз уақыттан кейін ер адам ес-түссіз күйде табылған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, бұған дейін мас күйдегі ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, әйел адамға қоқан-лоқы көрсеткені туралы шақырту түскен.
Қаза болған ер адамның туыстары оны асылып тұрған күйде тапқанын айтып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды талап етіп отыр. Отбасы ер адамның не себепті ұсталғанына, тінту жүргізілгеніне және полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін оның бақылауда болған-болмағанына қатысты бірқатар сұрақ қойып отыр.
Павлодар облысының ПД мәліметінше, бейнежазбалар тәркіленді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.