Джеки Чанның «Доспехи бога» фильмінің түсірілімі аяқталды

Джеки Чанның «Доспехи бога» фильмінің түсірілімі аяқталды
Kazakh Tourism

Джеки Чан басты рөлді сомдайтын «Доспехи бога» (Armor of God) фильмінің түсірілімі аяқталды. Қазір картина постпродакшн кезеңіне өтіп, монтаж, компьютерлік графика, дыбыс өңдеу және музыкалық әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ult.kz. 

Түсірілім бірнеше айға созылып, фильмнің негізгі көріністері әртүрлі локацияларда түсірілген. 

Авторлардың айтуынша, жаңа туындыда көрермендерді әсерлі экшн-сахналар, қауіпті трюктер мен шытырман оқиғалар күтіп тұр. Сондай-ақ Джеки Чан дәстүріне сай көптеген күрделі трюктерді дублерсіз өзі орындаған. 

Фильмнің нақты прокатқа шығу күні әзірге жарияланған жоқ. Продюсерлердің мәліметінше, премьераның мерзімі постпродакшн жұмыстары толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.