Джеки Чан Алматыда оқушылармен кездесті

Джеки Чан Алматыда оқушылармен кездесті
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Әлемге әйгілі актер, каскадер әрі продюсер Джеки Чан Алматыға сапары аясында Оқушылар сарайында жасөспірімдермен кездесті, деп хабарлайды ult.kz.
 

Кездесу барысында кино жұлдызы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды армандарынан бас тартпауға, қиындықтардан қорықпауға және табысқа жету үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.

Құрметті қонақты қазақтың дәстүрімен қарсы алған ұйымдастырушылар Джеки Чанға қамшы мен Көктөбенің бейнесі бейнеленген ұлттық қолөнер бұйымын сыйға тартты.

Іс-шара соңында оқушылар әйгілі актермен естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу жастарға ерекше әсер қалдырып, олардың өнер мен табысқа деген қызығушылығын арттырды.