Дубайлық фотограф әрі тревел-блогер Mohamed Ourty Instagram парақшасында Қазақстанның әсем табиғаты бейнеленген видео жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды ult.kz.
100 мыңнан астам оқырманы бар блогер әлемнің ең көрікті табиғи орындары туралы контент әзірлейді. Бұл жолы ол Қазақстанның сұлу табиғаты мен туристік бағыттарын көпшілікке таныстырды.
Жарияланған видео шетелдік қолданушылар арасында кеңінен тарап, пікір қалдырғандар Қазақстанның табиғатының сұлулығына таңданысын білдіруде. Көпшілік еліміздің көркем ландшафтары мен табиғи байлығын тамашалауға ниетті екенін жазған.