Дариғаның бұрынғы күйеуі шаңырағы не үшін шайқалғанын айтты

Дариғаның бұрынғы күйеуі шаңырағы не үшін шайқалғанын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Желіде Дариға Бадықованың экс-күйеуінің сұхбаты қайта тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол отбасы не үшін шайқалғаны туралы айтты. 

"Кинодан жақсы түсті. Бір күні келіп “Дархан, мен анамды, бәрін асырап шаршадым. Бәріңнен шаршадым. Осы кинодан тапқан ақшамды алып, мен кетейінші. Маған кедергі жасамаңдаршы”, - деді. Мен сосын осы тақырып неге 17 жыл бойы қозғалмағанын сұрадым. Олжас Абайға көңілін сұрадым. Ол ашуланып кетті”, - деді Дархан Мұсаев. 

Айта кетейік, жуырда ғана Дариға Бадықова актер Олжас Абайға тұрмысқа шықты. 

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова - қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер, әнші. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Көрерменге комедиялық рөлдері арқылы кеңінен танылды. Актриса “Брат или брак”, “Сиситай”, “Класстастар”, “Базар жоқ, Мексика!”, “Ауылбайский участковый” және басқа да фильмдерге түскен.

Дариға актерлікпен қатар кино өндірісіне де араласып, продюсер ретінде “Таптым-ау сені” фильмін ұсынды. Бұл туындыда өзі де басты рөлдердің бірін сомдаған. Сонымен бірге ән айтып, музыкалық жобаларға қатысады. Әлеуметтік желіде шығармашылық жаңалықтарын, өмірге және отбасына қатысты ойларын бөлісіп отырады.