Дариға Назарбаева Халықаралық қатынастар комитетінің төрайымы болып қайта сайланды

Дариға Назарбаева Халықаралық қатынастар комитетінің төрайымы болып қайта сайланды

Сенатор Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Комитет төрайымы қызметіне Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның кандидатурасын ұсынамын", - деп мәлімдеді Дархан Кәлетаев. 

Сайлау қорытындысы бойынша Назарбаева ҚР Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып қайта сайланды.