Түркияның Адана қаласында қайғылы отбасылық оқиға болды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 52 жастағы бұрынғы полиция қызметкері жанжал кезінде 23 жастағы ұлын атып өлтірген, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша, есірткіге тәуелді болғаны айтылған жас жігіт әкесінен ақша сұраған. Әкесі бас тартқаннан кейін олардың арасында жанжал туындаған.
БАҚ мәліметінше, дау барысында ұлы әкесіне пышақпен шабуыл жасауға әрекеттенген. Осыдан кейін ер адам тапаншамен оқ атқан.
Оқиғадан соң бұрынғы полицей құқық қорғау органдарына өзі хабарласып, тәртіп сақшылары келгенше ұлының мәйітінің жанында күткен.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.