Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроциклдің аударылуы салдарынан 22 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай ауылдарының арасындағы жолда болған. 22 жастағы Мәскеу қаласының тұрғыны квадроциклді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Алған ауыр жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Көлікте бірге болған 2007 жылы туған Астана қаласының тұрғыны медициналық көмекке жүгінді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, техниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және апатқа әсер етуі мүмкін өзге де жайттар тексерілуде.