Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүрген арқарлар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Жабайы жануарлар орман ішінде еркін жүрген сәтінде камераға тіркелген. Кадрлардың бірінде арқардың шөп шайнап тұрғаны да көрінеді.
Арқар – қазақ даласына тән жабайы жануарлардың бірі. Ол қырағылығымен, сақ қимылымен және табиғи сұлулығымен ерекшеленеді.
Ұлттық парк мамандарының айтуынша, фототұзақтар жабайы жануарлардың тіршілігін бақылауға және олардың мекен ету ортасын зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұйратау аумағында орман арасындағы тіршілік осылайша фототұзақ арқылы көпшілікке көрсетіліп отыр.