Шымкент–Астана бағытындағы ұшақта сөмкесінде бомба бар деп әзілдеген жолаушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент әуежайында болған. Ұшуға тіркелу кезінде мас күйдегі ер адам багажында жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан.
Әуе компаниясы өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған. Оның заттары тексерілгенімен, қауіпті немесе тыйым салынған заттар табылмады. Полиция мәліметінше, әуежайда эвакуация жүргізілмеген.
Ер адам қоғамдық орында алкоголь ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Көліктегі полиция департаменті әуежайда жарылғыш зат немесе өзге де қауіп туралы «әзілдеудің» өзі жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.