Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Боксшы Айдос Ербосынұлы күтпеген жерден үш титул үшін рингке шығатынын жариялады

Боксшы Айдос Ербосынұлы күтпеген жерден үш титул үшін рингке шығатынын жариялады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол келесі жекпе-жегін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Ербосынұлының қарсыласы канадалық Тим Кронин (12-5-2, 3 КО) болады, ал қазақстандық WBC Asia, WBA International және WBO Global-ға тиесілі супер орта салмақтағы барлық үш чемпиондық белбеу үшін күреседі. 

Жекпе-жек он раундқа есептелген. Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.