Блогер Жанәбілов пен оның әйелі туралы жағымсыз жаңалық тарады

Блогер Жанәбілов пен оның әйелі туралы жағымсыз жаңалық тарады
Фото: әлеуметтік желі

Ішкі істер министрінің орынбасары сотталған ерлі-зайыпты блогерлердің рақымшылыққа ілінбейтінін айтты, деп хабарлайды ult.kz.

«Олар ауырлығы орташа қылмыстар жасады. Залал өтелсе, рақымшылық қолданылады. Бірақ дәл осы жағдайда залал өтелген жоқ. Сондықтан қылмыстық жауапкершіліктен босату сияқты рақымшылық шарасы қолданылмайды», - деді Санжар Әділов мәжілістегі брифингте.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова алдын ала сөз байласып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды. Төлегенова 2 жылға, Жанәбілов шартты түрде 2 жылға сотталды. 

Төлегенованың жаза өтеу мерзімі үш баласының болуына байланысты 2 жылға кейінге шегерілді.