Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Біз кездесеміз, балам”: Рүстем Жаныаманов ұлымен қоштасқан сәтін еске алды

“Біз кездесеміз, балам”: Рүстем Жаныаманов ұлымен қоштасқан сәтін еске алды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Рүстем Жаныаманов журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында ұлынан айырылғаннан кейінгі күндер туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол баласының жансыз денесін алғаш көргенде құлағына иман сөздерін сыбырлап, “Біз кездесеміз, балам” дегенін еске алды.

Актердің сөзінше, ұлының қазасы әлі де жанына батады. Жұбайы Жанаргүл екеуі осы ауыр кезеңде бір-біріне сүйеніп, күнделікті тіршілікке оралуға тырысып жүр. Рүстем ұлының зиратына жиі баратынын да айтты.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың сахналық киімін сынады.

Рүстем Жаныаманов кім?

Рүстем Жаныаманов – қазақстандық театр және кино актері, режиссер әрі кинопродюсер. Ол көпшілікке “Хабар” арнасындағы “Келінжан” телехикаясында Қылышбекті сомдауымен танылды. Осы рөлі үшін 2023 жылы “Nauryz” ұлттық телесериалдар бәйгесінде “Екінші пландағы үздік актер” аталымына ұсынылды.

Жаныаманов 2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін, 2012 жылы академияның режиссура факультетін тәмамдаған. Режиссер Болат Атабаевтан тәлім алған. 2017 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрында екі спектакль қойған.

Актер “Сержан братан” веб-сериалында Сержанның жас кезін сомдаған. Сондай-ақ “Жаным, ты не поверишь!” және “Үйлену оңай” фильмдеріне түскен. 2024 жылы “Сен маған керексің” фильмінің продюсері болып, басты рөлдердің бірін ойнады. Бұл туындыға оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова да түскен. Ерлі-зайыпты өнер академиясында оқып жүргенде танысқан.