Биылғы астықтың орташа өнімділігі қандай?

Биылғы астықтың орташа өнімділігі қандай?

Еліміз аумағында астық алаңының 88,3 пайызы жиналды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республика көлемінде барлығы 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл республика бойынша жалпы жинау алаңының 88,3 пайызы. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8,2 млн гектар немесе 54 пайызы жиналған», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің «ҚазАқпаратқа» берген мәліметінде.

Биыл 12,1 ц/га орташа өнімділік кезінде 16,9 млн тонна астық бастырылды. 2019 жылы осы кезде 9 млн. тонна жиналған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, барлық қабылданған шаралар есебінен биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.