Біріккен Араб Әмірлігіне демалуға барған 126 атыраулық елге жеткізілді

Біріккен Араб Әмірлігіне демалуға барған 126 атыраулық елге жеткізілді

Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірлігінен 126 ел азаматы оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұлардың бәрі – осы елге демалуға барған қазақстандықтар. Олардың арасында Атырау облысынан 106 адам бар. Ал, 20 адам – көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Оларды әуежайда дәрігерлер қарсы алып, барлығының дене қызуын тексерді. Ешқайсысынан жоғары температура байқалмады. Содан соң үйлеріне жіберілді. Дәрігерлер оларды мекен-жайында 14 күн бақылауға алады. Көршілес облыстарда тұратындардың мекен-жайын, байланыс нөмірлерін алдық. Барлық деректі сол облыстардағы әріптестерімізге береміз», - деді Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.