Қаралы оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздар елге оралды

Қаралы оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздар елге оралды
Видеодан скриншот: Lada.kz

Маңғыстаудағы қайғылы оқу-жаттығудан аман қалған әскери қызметшілер мерзімді қызметін аяқтап, үйлеріне оралды. Олардың елге оралған сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, 19 жастағы жаңаөзендік Ақжол Темірхан оқу-жаттығудан кейін ауруханада емделіп, жақында үйіне шыққан. Блогер Азамат Сәрсенбаев сарбаздың ата-анасымен бірге түскен кадрларын жариялады.

Ақжол Маңғыстаудан шақырылған сарбаздар арасынан қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз әскери қызметші екені айтылды. Ол қаза тапқан қаруластарының отбасыларына барып, көңіл айтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар атыраулық Қуандық Бекет пен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов та әскери қызметін аяқтап, үйлеріне оралған.