Ағайынды екі бала допты ұстаймын деп суға түсіп кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға 17 маусым күні болған.
«Кемелбеков Еркебулан Бауыржанович (16.08.2016 ж.т.), Кемелбеков Бекнур Бауыржанович (11.04.2018 ж.т.)
Бүгінгі таңда оқиғаға 4 күн болды, өкінішке қарай, әлі табылған жоқ.
Бір отбасы үшін екі бірдей баладан хабарсыз қалу – өте ауыр қайғы. Алла Тағала жар болып, іздеу жұмыстары нәтижелі болып, жақсы хабар естуді нәсіп етсін. Баршаңыздан дұға сұраймыз. Алла сабыр берсін, балалардың жақындарына күш-қуат тілеймін», - деп жазды желі қолданушысы.