Бір топ жігіт әйел мен ер адамды соққыға жықты (ВИДЕО)

Бір топ жігіт әйел мен ер адамды соққыға жықты (ВИДЕО)
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген бейне тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Жазба авторларының мәліметінше, ер адам мен әйел демалыс орнында қоғамдық тәртіпті бұзды деп есептеген бір топ жас оған күш қолданған.

Абай облысы полиция департаменті аталған оқиғаның 2023 жылы болғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, жанжалға қатысқан барлық азаматтардың жеке басы анықталған.

Полицияның мәліметінше, тексеру барысында тараптардың бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екені белгілі болған. Олар құқық қорғау органдарына арыз жазудан бас тартқан. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданған.