Биоэнергетик Арай Еркінбек қамауға алынған Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, Нұрсұлтанға ауыр жаза тағайындалуына оның және Фаризаның ата-тегі арасындағы бұрыннан келе жатқан жаулық себеп болған.
«Фариза оның сотталып кеткеніне қуанады. Одан да көп жаза алғанын қалайды», – деді Арай Еркінбек.
Сондай-ақ биоэнергетик өзін сарапшы ретінде таныстырып, Нұрсұлтан Жақсыгенді емдей алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бір рет ем жүргізсе, Нұрсұлтан түрмеден толықтай аман қалады.
«Мен эксперт ретінде Нұрсұлтан Жақсыгенді емдегім келіп тұр. Оны бір рет емдейтін болсам, ол түрмеден толықтай аман қалады», – деді ол.
Айта кетейік, жуырда ғана актер бұрынғы әйелін балағаттап, жалған ақпарат таратқаны үшін түрмеге тоғытылды.
Нұрсұлтан Жақсыген кім?
Нұрсұлтан Жақсыген – қазақстандық актер, шоумен және «Жайдарман» жобасының бұрынғы қатысушысы. Ол сериалдар мен фильмдерге түсіп, әлеуметтік желілерде де белсенді контент жариялап жүрген. Оның парақшаларының бір кезеңде миллионнан астам оқырманы болған.
Жеке өмірінде Нұрсұлтан Жақсыген Фариза Алмасқызымен азаматтық некеде болған. Екі ортақ баласы бар. Жұп 2024 жылдың сәуірінде бірге тұруды тоқтатқан.
2026 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Оған онлайн-платформалар арқылы бұрынғы жұбайы туралы ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.
Жақсыген сотта кінәсін мойындамаған. Ол өз атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашылғанын айтқан.
Сот шешімімен актер 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған бес жыл бойы журналистік, блогерлік және ақпарат таратуға байланысты жария қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Бұдан бөлек, жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді. Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.