Freedom Inside '26

Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды

Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды
FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алғанын мәлімдеді. Ол марапатын Telegram-арнасында көрсетіп, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

«Көптен күткен ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алдым. Бұған дейін ІІІ дәрежелі орденім бар еді, енді І дәрежелі орден ғана қалды. Сонда толық кавалер атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі», – деді шахматшы.

Сондай-ақ ол Instagram парақшасында жақында Ташкенттен оралғанын хабарлады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 желтоқсанда Бибісара Асаубаеваны блиц шахматтан әлем чемпионы атанғаны үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ал 2024 жылы Республика күні қарсаңында шахматшы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне ие болған еді.