Freedom Inside '26

Бауыржан Ибрагимов Тука туралы тың дерек айтты

Бауыржан Ибрагимов Тука туралы тың дерек айтты
Коллаж: ult.kz

Әлеуметтік желіде Аман Тасығанның Бауыржан Ибрагимовпен болған ескі сұхбаты қайта қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Сұхбат барысында Ибрагимов 2010 жылы Тука лақап атымен танымал Нұржан Төлендиевке қатысты қозғалған іске араласқанын айтып, тараптарды татуластыру үшін ақша берілгенін және арыздың кейін қайтарылғанын мәлімдейді.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге әртүрлі пікір білдіруде. Көпшілік мұндай жағдайлардың заңдық және моральдық жағына назар аударуда.

Ескі сұхбаттың үзіндісі қайта тарағаннан кейін әлеуметтік желіде қызу пікірталас басталды.