Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 122-сінен ауру белгілері байқалса, 109-ында симптомы болған жоқ.

Бұлардың 61-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 111-і ЖРВИ белгілерімен дәрігерге тексерілгенде, 36-сы профилактикалық мақсатта емханаға қаралғанда, 23-і стационарға жатқызар кезде анықталған.

Сырқаттанғандардың 155-і, яғни басым бөлігі Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ соңғы төрт күнде Бөрлі ауданында 24, Бәйтеректе 22 адамның ауырғаны белгілі болды. 

Өңірде осы кезге дейін 13827 адам КВИ жұқтырса, соның 11425-і жазылып шықты. Көз жұмғандар саны 216-ға жетті. 

Облыста эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Осыған байланысты эпидемиолог мамандар санитарлық талаптарды, маска режимін сақтау қажеттігін еске салады.