Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Оралда тіркелген

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Оралда тіркелген

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 55,8 пайызы Орал қаласында тіркелген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, індет басталғаннан бері өңірде барлығы 11 650 науқас анықталса, соның 6 508-і облыс орталығының үлесіне тиеді. 

Сырқаттанғандардың 6 179-ы - ауру белгісі бар адамдар. 

Жыл басынан бері 2 429 адамнан (1514-і - ауру белгісі барлар) COVID-19 табылса, соның 1 335-і Оралда белгілі болды. 

Сондай-ақ биыл Бәйтерек (415), Бөрлі (272), Ақжайық (107) аудандарында індет өрши түсіп отыр.