Алматыдағы дүкендердің бірінде күтпеген жерден кездескен әншілер Мақпал Жүнісова мен Бүркіттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Бейнежазбада Бүркіт әріптесі Мақпал Жүнісованы кассаға жібермей, оның сатып алған заттарының ақысын өзі төлеп бергені көрінеді. Бұл әрекетке риза болған халық әртісі әлеуметтік желіде алғысын білдірді.
«Бүркіт бауырым кездесіп қалып, маған ақша төлетпей, бәрін өзі төлеп тастады. Рақмет!» – деді Мақпал Жүнісова.
Өз кезегінде Бүркіт: «Бұл бес күндік өмірде бір-бірімізді сыйлап өтейік», – деп ықыласын жеткізді.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін жоғары бағалап, екі өнер иесінің өзара құрметі мен қарапайымдылығына тәнті болғандарын жазды. Көпшілік олардың сыйластығын үлгі етіп, жылы пікірлері мен ақ тілектерін қарша боратты.