Белгілі актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман қыздарына алдын ала баспана алып беруге қарсы екенін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесінің бұл пікірі әлеуметтік желіде тараған сұхбат үзіндісінде айтылған. Бақыт Тұрманның сөзінше, ата-ананың қызына дайын үй сыйлауы болашақ күйеу баланың отбасы алдындағы жауапкершілігіне кері әсер етуі мүмкін.
"Қызыңа үй әперсең, күшік күйеу бала табасың", – деді әнші.
Бақыт Тұрман осылайша жас отбасының тұрмысын қалыптастыруға ер адамның да атсалысып, жауапкершілік алғанын дұрыс санайтынын аңғартты. Оның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсті.
Айта кетейік, Танымал продюсер, әнші Мөлдір өзінің жаңадан шыққан "Шәй в большом городе" фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді.
Өнерлі жұп туралы не белгілі?
Айта кетейік, Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей – отандық шоу-бизнестегі танымал жұптардың бірі.

Бұған дейін әнші жар таңдауда ер адамның үйі, көлігі немесе қымбат киімі басты өлшем болмауы керегін айтып, ең маңыздысы – оның ақылды, еңбекқор, іскер әрі сөзінде тұратын азамат болуы деген пікір білдірген
Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманның бірге отбасын құрғанына 20 жылдан астам уақыт болғаны бұған дейінгі сұхбаттарында да айтылған.