Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға зорлық көрсетті деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға зорлық көрсетті деген күдікпен бірнеше адам ұсталды
Ашық дереккөз

Балқашта кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен бірнеше ер адам қамауға алынды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

55 жастағы қала тұрғыны полицияға арызданып, екі қарындасына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалғанын хабарлаған.

Жәбірленушілердің туысының айтуынша, оқиға жаз мезгілінде болған. Бірнеше жігіт 13 және 15 жастағы қыздарды ұрып-соғып, қолдарын темекімен күйдірген. Сондай-ақ оларды ішімдік ішуге мәжбүрлеп, интимдік қызмет көрсетуге итермелеген.

Бұған дейін қыздардың туысы әлеуметтік желіде болған жағдай туралы видео жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндаған.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, құқыққа қайшы әрекеттер әртүрлі уақытта және әр жерде жасалған. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.