Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Бір жілік етінің ақшасын сұрады”: Ақын Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовқа өкпесін айтты

“Бір жілік етінің ақшасын сұрады”:  Ақын Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовқа өкпесін айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақын Мөлдір Айтбай әнші Өмірқұл Айниязовқа арнап өлең жазғанын айтып, араларында болған бір әңгімені еске алды. Ол әншіге не үшін ренжігенін де жасырмады, деп хабарлайды ult.kz.

Ақынның айтуынша, "13 қабврғамсың" әніне ақы алмаған. Бірде ол Өмірқұл Айниязовтан ет сұраған. Сонда әнші еттің бір келісі 3 300 теңге тұратынын айтқан. Мөлдір Айтбай осы әңгімені еске ала отырып, әнші сыйлаған алтынды да қайтарып бергенін жеткізді.

“Сол 3300-ді көтере алмай қалдым ғой мен. Маған алтын таққан. Сол алтынды ұлынан беріп жібердім”, – деді ақын.

Мөлдір Айтбайдың жазбасына Қайнар Алагөзов те пікір қалдырып, ақынды қолдады.

“Ботам-ау, есіңде болсын: бір ақын он әншіні асырайды, бір әнші он ақынды асырай алмайды”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы әлі де пәтер жалдап жүр.

Өмірқұл Айниязов кім?

Өмірқұл Айниязов — дәстүрлі ән мен термені эстрадаға лайықтап орындап жүрген әнші, термеші. Ол 1978 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Ақтөбедегі музыкалық колледжде және Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Талдықорғандағы Сүйінбай атындағы филармонияда өнер көрсеткен. 

Әнші көпшілікке “Ақтанкерейдің термесі”, “Ақжайнақ” және “Елім-ай” әндері арқылы танылды.


 

Өзінің айтуынша, өнердегі жолын ашқан шығарма — Ақтанкерейдің термесі. Өмірқұл Айниязов — “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері.