Балаларының арманына сенген ата-аналардан ақша алған алаяқ сотталды

Балаларының арманына сенген ата-аналардан ақша алған алаяқ сотталды
ашық дереккөз

Астанада футбол ойнайтын балаларды Испаниядағы турнирге апаруға уәде беріп, тоғыз ата-анадан ақша алған ер адам 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, сотталушы ата-аналарға ұшақ билеті, турнирге қатысу, қонақүй, виза мен тамақ шығындарын өтейтінін айтып, ақша жинаған. Ата-аналар оған жалпы 27 млн теңге берген.

Прокуратураның мәліметінше, сотталған азамат келтірілген шығынды толық өтеген.

Құзырлы орган балаларды шетелдік жарыстарға апаруды ұсынатын ұйымдар мен жаттықтырушылардан келісімшарт, ресми шақыру және броньдау құжаттарын талап етуге кеңес береді.