Алматыда әйел көше тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлерді жұмыс уақытында демалып отырған сәтінде видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды ult.kz.
Жазба көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды.
Алайда желі қолданушылары жұмысшыларды сынауға асықпау керектігін айтып, оларды қорғады. Олардың сөзінше, тазалық қызметкерлері таң сәріден жұмысқа шығып, көшелерді тазалап, қаланың таза әрі көрікті болуына үлес қосып жүр.
Желі қолданушыларының пікірінше, жұмыс барысында бірнеше минут тынығып алғаны үшін адамдарды көпшілік алдында қаралау дұрыс емес.
«Тырнақ астынан кір іздемей, еңбегін бағалау керек», – деген пікірлер жазылды.