Баян Алагөзованы діни алауыздық үшін жауапқа тарту ұсынылды: мәселеге Мөлдір Әуелбекова араласты

Баян Алагөзованы діни алауыздық үшін жауапқа тарту ұсынылды: мәселеге Мөлдір Әуелбекова араласты
ашық дереккөз

Баян Алагөзованың Threads желісіндегі діни тақырыптағы жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Продюсер өз жазбасында дін мен оның насихатынан шаршағанын айтып, пікірін ашық білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Алагөзова дінді және оның насихатын қабылдамайтынын айтып, жұмақта ер адамдарды «72 пәк қыз күтетіні» туралы түсінікке қатысты сұрақ қойды.

Оның бұл жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікірталас өрбіді. Кейбір қолданушылар Баян Алагөзованы діни алауыздық тудырды деп айыптап, тіпті оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деген пікір білдірді.

Осы пікірталасқа әнші Мөлдір Әуелбекова да қосылды. Ол Threads-тегі жазбасында:

«Діни сауаты жоқ адамдармен дін туралы сөз таластыру бекер. Ислам мен радикалды ажыратуға да білім керек», – деп жазды.

Баян Алагөзованың діни тақырыптағы пікірлері бұған дейін де әлеуметтік желіде талқыланған. Мәселен, биыл наурыз айында ол Қазақстандағы діни насихат пен діни ағымдардың ықпалына қатысты алаңдаушылығын білдірген болатын. 

Ал қазіргі жазбасына қатысты ресми түрде қылмыстық іс қозғалғаны немесе Баян Алагөзоваға қандай да бір құқықтық шара қолданылғаны туралы ақпарат жоқ.