Бағдагүл емші Баянға қарсы Тоқаевтан араша сұрады

Бағдагүл емші Баянға қарсы Тоқаевтан араша сұрады
Фото: ult.kz

Бағдагүл сынықшы деп танылған келіншек әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызына қайта шүйлікті, деп хабарлайды ult.kz.

Ол кеше ғана өткен KeshYou тобының 20 жылдық концертін жын-ойнаққа теңеді.

«Масқара, қазақ қыздарына не үлгі? Түнгі клубта жүру ме? Қаншама өсіп келе жатқан жастарға қандай үлгі? Үлкен көлемде бұндай ашық-шашық, бейәдеп көріністермен, ешқандай мән-мағынасыз кешті өткізуге не үшін рұқсат беруіміз керек? Қасиетті Құрбан айтта мұсылман елі бола тұра, мұндай жын-ойнаққа не үшін рұқсат беруіміз керек? Қазақ салт-дәстүрімізге қайшы іс-әрекеттерімен көпшілікке нені насихаттағысы келді? Халықты келеңсіз заңдармен, айыппұл салып жатқан үкімет не қарап отыр? Басқа өзбек бауырлар, қырғыз бауырлар және тағы басқа мұсылман елдері дәл осындай азғындыққа жол бере ме? Ал біздің елде байлар ойларына не келсе, соны жасауға бола ма? Қыздарымызға болашақта қандай үлгі? Бүкіл қазақ елінің бойында ар-намысы бар азаматтар мен азаматшаларды бейжай қарамауға шақырамыз. Тоқаевқа үндеу! Мұндай әдепсіз шоу-концерттерге заң жүзінде тыйым жасалып, тоқтатылсын!», - деп жазды емші.