БАӘ Қазақстан іздеген үш күдіктіні елге қайтарды

БАӘ Қазақстан іздеген үш күдіктіні елге қайтарды
Видеодан скриншот

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда қылмыстық жауаптылықтан бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген үш азаматты елге экстрадициялады, деп хабарлайды ult.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің бірі Астанада жер учаскесін алып беруге уәде етіп, жәбірленушіден 368 мың доллар иемденген. Екіншісі Алматыда адамға ауыр зиян келтіріп, тонау және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Үшінші күдікті Астанада Қытай азаматының 24,2 мың долларын ұрлады деген күдікпен іздеуде болған.

Олар қылмыстан кейін Қазақстаннан қашып, БАӘ аумағында жасырынған. Қазақстан тарапының сұрауы бойынша үшеуі де елге жеткізілді.

Қазір күдіктілер тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу қайта басталды.