Freedom Inside '26

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады
ашық дереккөз

Биыл 16 маусымынан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33 рейске дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлауда. 

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.