Автоматты түрде сайлауға түседі дегенді білдірмейді – Қазақстанда президенттік мерзімдер санына қатысты нормаға түсіндірме берілді

Автоматты түрде сайлауға түседі дегенді білдірмейді – Қазақстанда президенттік мерзімдер санына қатысты нормаға түсіндірме берілді
facebook.com/aybarolzhayev

Журналист Айбар Олжаевтың пікірінше, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қалыптасты. Сондықтан Президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты мәселелерді бұрынғы Конституция нормалары аясында қарастыру дұрыс емес, хабарлайды ult.kz.

"Референдумда халық жаңа Конституцияны қабылдағанда мемлекеттік басқарудың мүлдем жаңа үлгісі қалыптасты
Бұл осыған дейін жүргізілген саяси реформалардың қисынды жалғасы болатын. 

Бұл жерде биліктің ұстанымы анық. Реформалар тоқтамайды. Ал мемлекет институттарының тұрақтылығы негізгі басымдық болып қала береді. Осы орайда ескере кететін мәселе бар. Бұл – кей лауазымдардың өкілеттік мерзіміне қатысты. Бұған қатысты кулуарларда түрлі әңгіме айтылып жүргені белгілі", – деп отыр А. Олжаев.

Сондықтан да журналист президенттің Конституциялық сотқа сұрау салуы ішкі және сыртқы күштерге берілген белгі ретінде қабылдауға болатынын айтады. Яғни, еліміздің стратегиялық бағытына мүдделі топтар ықпал ете алмайды.

"Ең әуелі, Конституция ескеріледі. Осылайша, ұлттық мүдде тұрғысынан анықталады. Меніңше, бұл Ақорданың тамаша қадамы болды.
Расында, Президенттің өкілеттік мерзімін ескі Конституцияның призмасымен қарау қисынға келмейді. Өйткені Қазақстан құқықтық жүйені түбегейлі жаңартты.

Оның үстіне, Президенттің сұрау салуы түрлі қауесетке тоқтау болатыны анық. Құқықтық тұрғыдағы бүкіл мәселеге нүкте қойылды. Әрине, бұл президенттің автоматты түрде сайланатынын білдірмейді. Кімнің ел тізгінін ұстайтынын халық таңдайды", – дейді ол өз жазбасында.