Freedom Inside '26

Атыраудағы трагедия құрбандарының туысы тағы бір былықтың бетін ашты

Атыраудағы трагедия құрбандарының туысы тағы бір былықтың бетін ашты
Фото: әлеуметтік желі

Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты марқұмдардың туысы күдікті жайтты айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев Ақбаян Мұқанғалиеваға қарсы заңның өрескел бұзылып, оның еленбегені туралы былықты еске салды.

"Сұлтанның апасы (әпкесі) Ақбаянның құжатымен жүргені, яғни ауруына байланысты шешім қабылдаy мақсатында жүргені туралы айтқан болатын. Сол сот отырысынан кейін бізде сұрақ туындады. Егер де, олар 2022 жылы заң жүзінде ажырасқан болса, олар қалай әке-шешесінің рұқсатынсыз, Ақбаянның рұқсатынсыз құжат жинақтаған. Бұл қаншалықты заңды? Адвокатымыздан сұрадық. Өзімен (Сұлтанмен) бірге Ақтауға алып баруының, өзімен бірге Қазақстанның шекарасынан өтіп, Өзбекстанға баруының бәрін қылмыстық іс деп санаймын. Ақбаянға ақыл-есінің кемістігі туралы шешім қабылданған болса, бұл - заңды елемеу".