Атыраудағы трагедия: Мәйіттерді қазып алған кездегі видео тарады (ВИДЕО)

Атыраудағы трагедия: Мәйіттерді қазып алған кездегі видео тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Атырау облысында бүтін бір отбасының қазасына қатысты резонанстық іс қоғам назарынан түспей тұр, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желілерде марқұмдардың денесі табылған күнгі оқиғаның мән-жайы айтылған видео тарады. Онда туыстары мен куәгерлердің айтуынша, үй ауласындағы сарайдан күмәнді белгілер байқалып, қазу жұмыстары кезінде мәйіттер анықталған.  

Журналистерге сұхбат берген куәгерлер мәйіттердің қалай табылғанын баяндады. Олардың сөзінше, сарай ішіндегі диванның орны ауысып тұрғаны күдік туғызып, кейін сол жер қазылған. Бір метрге жуық тереңдіктен алғашқы мәйіт табылғаны айтылды.