Атырауда Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды

Атырауда Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды

Атырау облысындағы Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Атырау облысында 7 аудан бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте өңірдегі аудандардың бәрінде, сондай-ақ Теңіз кенішінде 107 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде - 59 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 1, Индерде – 3, Махамбетте – 2, Исатайда – 1, Мақатта – 1, Құрманғазы ауданында 9 адамнан Сovid-19 анықталды. Оның ішінде 16 науқаста коронавирус симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметін.

Өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен сауығып шыққаны белгілі болды. Ал үй жағдайында 317 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда.

Облыстық инфекциялық стационарда - 95, аудандардағы стационарларда - 26, Теңіз кенішіндегі стационарда 790 адам емделіп жатыр.