Атырау облысында сегізінші оттегі стансасы іске қосылды

Атырау облысында сегізінші оттегі стансасы іске қосылды

Атырау облысындағы Индер аудандық ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдегі 7 ауруханада орталықтандырылған оттегі стансасы жұмыс істеп тұр. Оның екеуі Құрманғазы мен Қызылқоға ауданында іске қосылған. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы облыстық перинаталдық және кардиологиялық орталықтарда, облыстық аурухана мен №2 инфекциялық, сондай-ақ, былтыр ашылған модульді инфекциялық ауруханаларда да оттегі стансасы бар.

«Өңірдегі 8-ші оттегі стансасы Индер аудандық ауруханасында іске қосылды. Енді Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында салынып жатқан модульді инфекциялық ауруханаға да оттегі стансасын орнату жоспарланып отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.