Астаналық оқушы Ақкөлдегі лагерде суға батып кетті

Астаналық оқушы Ақкөлдегі лагерде суға батып кетті

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІД таратқан хабарламаға қарағанда, оқиға 9 шілдеде Ақкөл ауданындағы «Арман» балалар лагері аумағында болған. Сол күні Ақкөл аудандық ӨБ диспетчерінен аталмыш лагерь маңындағы, яғни, аудан орталығынан 8 шақырым жердегі су қоймасында 2003 жылғы жасөспірімнің суға батып кеткендігі туралы ақпарат түскен.

Кейін баланың денесі сол су қоймасынан табылды. Сондай-ақ, жасөспірімнің Астана қаласындағы мектепте оқитыны анықталып отыр.

"Қазіргі кезде баланың денесі мəйітханаға жіберілді. Сондай-ақ, соттық медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.