Астанада жолаушылар автобусының қозғалтқыш бөлігінен өрт шығып, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті, деп хабарлайды ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Есіл ауданындағы Әл-Фараби даңғылы бойында болған. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқан.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жеткенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа уақытта толық сөндіріліп, оның көлікке толық таралуына жол берілмеді.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.