Астанада жолақы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Астанада жолақы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
gov.kz

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 110-нан 150 теңгеге көтеру ұсынылды. Жаңа тарифті 1 желтоқсаннан бастап қолма-қол ақшасыз төлемге енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ult.kz.

Әкімдік тарифтің өсуін тасымалдаушылардың шығындары айтарлықтай артқанымен түсіндірді. 2014 жылдан бері дизель отынының бағасы 107 теңгеден 329 теңгеге дейін өскен. Ал автобус жүргізушілерінің жалақысы 100-150 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін артқан.

Соңғы үш жылда қаладағы автобус паркі 1127 жаңа көлікпен толықтырылған.

Әкімдік әлеуметтік жеңілдіктер сақталатынын мәлімдеді. Көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар және басқа да жеңілдік санаттары үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қалады. 18 жасқа дейінгі оқушылар да қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Жаңа тариф бойынша ұсыныс тиісті тәртіппен қаралады.