Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада жол ортасында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Астанада жол ортасында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды
24.kz

Астанада түн ішінде BMW көлігімен дрифт жасап, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 22 жастағы жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Оның көлік жүргізу құқығы болмағаны анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, жас жүргізуші қауіпті маневрлер жасап қана қоймай, жол жабынын да зақымдаған. Тексеру барысында оның көлік басқаруға рұқсаты жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар автокөлікті жүргізу құқығы жоқ адамға бергені үшін BMW иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен 22 жастағы жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал BMW автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.