Астана қаласында жаңа туған сәбиін заңсыз түрде басқа отбасыға берген 19 жастағы қызға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.
2025 жылғы 23 мамырдағы сот үкімімен жас ана мен делдалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Оларға пробациялық бақылаумен шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәби мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар сот шешімімен анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.
Астана қаласының прокуратурасы балаларға қатысты заңсыз мәмілелер ауыр қылмыс саналатынын және мұндай істер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертті.