Астанада түнде отшашу атқан ер адам 5 тәулікке қамалды

Астанада түнде отшашу атқан ер адам 5 тәулікке қамалды
ашық дереккөз

Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйым қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған 25 жастағы ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға елордадағы мейрамханалардың бірінің маңында болған. Полицияның мәліметінше, ер адам досының үйлену тойынан кейін мейрамханаға қарама-қарсы жерде отшашу атқан.

Пиротехникалық бұйымның дауысы жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған.

Құқық бұзушы сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.