Астанада қоқыс пен терек мамығы өртенді

Астанада қоқыс пен терек мамығы өртенді
elordainfo.kz

Астанадағы Байқоңыр ауданында бетон зауыты аумағында өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан 10 шаршы метр аумақта терек мамығы, жиналған қоқыс пен резеңке-техникалық заттар жанған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Мамандардың мәліметінше, шақырту түскен сәттен бастап өрт небәрі 24 минутта толықтай сөндірілген.

Абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, қандай да бір төтенше жағдай туындаған кезде бірден 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.